АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
1327
АҚШ, Иран және өзге де елдер қақтығысты реттеудің алғашқы кезеңі ретінде 45 күндік атысты тоқтату режимін енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz Axios порталына сілтеме жасап.
Дереккөздердің мәліметінше, бұл мақсатта екі кезеңнен тұратын жоспар талқыланып жатыр. Бірінші кезеңде 45 күндік уақытша бітім орнату ұсынылады. Егер келісімге келіп жатса, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Екінші кезең қақтығысты толығымен тоқтататын толыққанды келісімге қол қоюды көздейді.
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі соңғы күндері Иранға бірнеше ұсыныс жолдаған, алайда ирандық тарап әлі ешқайсын қабылдамаған.
Еске салсақ, 4 сәуірде Трамп Иранға 48 сағат уақыт қалғанын мәлімдеген болатын. Егер келісім жасалмаса, елге жойқын шабуыл жасау ескертілді.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...