«Ақша салсаң, дұғаңды Қағбада оқып берем»: хиджабтағы қыздың ұсынысы жұрттың жағасын ұстатты

Әлеуметтік желіде ақшасын төлесең, Меккеде дұғаңды оқып берем деген әйел жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұндай ұсынысты көріп таңданған TikTok қолданушысы алаяқтардың көбейгенін айтып, жағасын ұстады.
«Беттері қалың сұмпайылардың көбейген заманы болды ғой. Кеше біреуі мың теңгеге дұға сатса, екіншісі ақшаңды сал да, дұғаңды айт, Қағбаның алдында сол дұғаны сен үшін мен айтам деп отыр», – дейді видео авторы.
Расында да, Меккедегі Қағбаның алдында тұрған әйел адам:
«Каспидегі есепшотыма садақа салған адамның дұғасын, Қағбаға қарап тұрып эфирде оқып берем», – дейді.
Желі қолданушылары да әйелдің әрекетін алаяқтыққа балап, көптеген пікір қалдырған.
«Ақшасын төле, намазыңды оқып берем дейтіндер де шығатын шығар», «Меккеде переговорный пункт ашып алыпты ғой», «Алаяқтық жасайтындардың 80%-ы намазхан, деген Ринатқа жармасқан едіңдер», «Бизнес ол – бизнес», – дейді пікір білдірушілер.
Соңғы жаңалықтар





