"Ақшаң көп болса, денсаулыққа зиян": Жазира Байырбекова ел арасындағы сыбысқа қатысты әзілдеді

"Ақшаң көп болса, денсаулыққа зиян": Жазира Байырбекова ел арасындағы сыбысқа қатысты әзілдеді
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қаржы тақырыбына қатысты ой қозғап, оқырмандарын күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі ақшаның көптігі адамға қосымша уайым салатынын айтып, қаражаты аздың алаңы да шағын болатынын әзіл аралас жеткізді. Сондай-ақ ол ел ішіндегі «банктегі қаржы жойылады» деген сыбысқа орай несие мәселесін де қаузаған:

«Осы айда банктегі ақшалар жойылады дей ме?! Сонда халықтың кредиттері де жойылып кете ме, кім біледі? Жақсы болған екен, бүкіл ақшаны ансамбльдеріне, жаңа театрға салып тастадым. Ақшаң көп болса да, денсаулыққа зиян ғой, ақшаны уайымдап жүресің. Шүкір осы жүрісімізге», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің тапқырлығына тәнті болып, оның сөзінде жан бар екенін айтып, жылы пікірлерін білдіріп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу