Алматы әуежайы жұмысшының өліміне қатысты не дейді: оқиғаның мән-жайы

Алматы әуежайы жұмысшының өліміне қатысты не дейді: оқиғаның мән-жайы
Фото: ашық дереккөз

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әуе айлағында болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz. 

Әуежайдың мәліметінше, жазатайым оқиға салдарынан бір адам қаза тапты

«Алматы халықаралық әуежайының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан перрон аумағында жазатайым оқиға болды. Салдарынан құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер ұйымның бір жұмысшысы зардап шекті», - делінген хабарламада.

Алматы әуежайы жүргізіліп жатқан тергеу аясында уәкілетті мемлекеттік органдарға қажетті көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

«Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін әуежай қосымша түсініктеме беруге құқылы емес. Жазатайым оқиғаға байланысты Алматы халықаралық әуежайы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп хабарлады әуе айлағының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған едік.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу