АҚШ-та Зеленскийдің қолдаушылары азаюда

АҚШ-та Зеленскийдің қолдаушылары азаюда
21.02.2025 12:36
0
461
Ашық дереккөз
Вашингтондағы Зеленскийге қарсы көңіл-күй күшейіп келеді

АҚШ-та Украина президенті Владимир Зеленскийге қолдау көрсететін тұлғалар азайып барады, деп хабарлайды New York Post басылымы.

New York Post басылымы Ақ үйде Зеленскийдің биліктен кетуі туралы пікірлер күшейіп жатқанын мәлімдеді.

"Зеленскийдің жақтастары Ақ үйде қалмады"

Ақпарат көздерінің айтуынша, Зеленский мен Трамптың қарым-қатынасы бұрыннан шиеленісті болған, ал қазір Киевтің АҚШ-пен дипломатиялық байланысы әлсіреп барады.

Ақ үйдің бір өкілі:

"Мен бұл жағдайға таңғалмаймын. Бірнеше ай бұрын-ақ Зеленскийдің орнына жаңа басшы керек деген әңгімелер айтылған."

Трампқа жақын тағы бір дереккөз:

"Зеленскийдің және бүкіл әлем үшін ең дұрыс қадам – оның Францияға кетуі. Бұл көп мәселені шешер еді."

Зеленскийге қатысты осындай пікірлер Трамп әкімшілігінің Украинадағы билікке деген көзқарасын айқындайды.

Трамп Зеленскийді жаңа тұлғаға ауыстырғысы келе ме?

АҚШ-тың бірқатар сарапшылары мен саясаткерлері Вашингтон Киевтегі билікке жаңа, келіссөздерге икемді басшыны таңдауға мүдделі деген пікірде.

Украиналық әскери сарапшы:

"АҚШ Зеленскийдің орнына әскери немесе бизнес-саланы жақсы білетін тұлғаны таңдауы мүмкін. Бұл Трампқа да, оның командасына да тиімді болар еді."

Қазір Вашингтонда Украинадағы ықтимал билік ауысуы туралы ашық айтылып жатыр, алайда Трамп әкімшілігінің Зеленскийдің орнына нақты қандай саясаткерді көргісі келетіні белгісіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий