Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына "Панцирь-С" зымыраны тигені анықталды

Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына
05.02.2025 10:53
0
207
orda.kz
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа зымыран тиген

Azerbaijan Airlines компаниясының 25 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған жолаушы ұшағына ресейлік "Панцирь-С" әуе қорғаныс жүйесінің зымыраны тигені анықталды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Әзербайжанның жоғары лауазымды шенеунігі ұшақтан алынған бөгде заттардың "Панцирь-С" зымыранының бөлшектері екенін айтты. Дегенмен, Қазақстанның көлік министрлігі жариялаған 53 беттік алдын ала есепте зымыран туралы нақты ақпарат жоқ.

Қазақстанның көлік министрлігі жүргізген тергеу нәтижесінде ұшақтың фюзеляжынан бөгде заттар табылғаны расталды. Әзербайжан көлік министрлігі де ұшақтың ұшуға жарамды болғанын, алайда "сырттан тиген заттар" зақым келтіргенін мәлімдеді.

"Фюзеляжға қадалған бөгде заттар алынды. Олардың не екенін нақтылау үшін қосымша сараптама жүргізіледі", – деді министрлік өкілі.

Embraer ERJ 190-100 ұшағының апатынан 38 адам қаза тапты, оның алтауы Қазақстан, 25-і Әзербайжан, жетеуі Ресей азаматтары. Тағы 29 адам жарақат алды.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) ережелеріне сәйкес, алдын ала есеп 30 күн ішінде жариялануы керек еді, бірақ Қазақстан үкіметі есебін 40-күні ғана ұсынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или