Ақтауда бортында 7 адам болған қайық жартасқа соғылды: қаза тапқандар бар
693
Ақтауда 30 тамыз күні кешке Каспий теңізінде серуендеп жүрген катер жартасқа соғылды. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 22:56-да түскен. Катер 5А шағынауданы маңындағы жартасқа соғылған. Бортта барлығы жеті адам болған.
Құтқарушылар бес адамды жағаға шығарып, медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан екі адам құтқару кеудешесін кимеген.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында олардың денелері жағадан шамамен 500 метр қашықтықтан судан шығарылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
12:09
«Жұрт тараған соң жалғыз қалды»: Майғазиевтің ...
15.10.2026
11:45
Танымал қазақ жазушысы, журналист өмірден өтті
15.10.2026
11:45
«Қол қоятын құжатты оқу керек»: СІМ Ресейдегі қ...
15.10.2026
11:42
Әйелін өлтірген жиеніне кешірім берді: 15 жаста...
15.10.2026
11:31
6 ай күтудің қажеті жоқ: «Отбасы банк» пәтер ал...
15.10.2026
11:08
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге көтеріледі