Ақтөбе облысында 49 жолаушысы бар автобус аударылып, бірнеше адам қаза тапты
813
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды POLITICO.
7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында республикалық маңызы бар «Самара–Шымкент» автожолының 1024-шақырымында автобус аударылып кеткен.
«Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі «Самара–Шымкент» автожолымен Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай келе жатып, Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында көліктің қозғалыс бағыты бойынша оң жаққа аударылған», - делінген полиция хабарламасында.
Автобус салонында Пермь–Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстанның 49 азаматы болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
11:03
Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен суретш...
07.10.2026
10:40
Жоғарғы Соттың 6 судьясы қызметінен босатылды
07.10.2026
10:29
«Багажымыз жоғалып кетті»: Айман Талғатқызы Мед...
07.10.2026
10:21
Құрылтайда бір депутат орнын босатты
07.10.2026
10:00
Ақтауда сабақ үстінде оқушылар төбелесіп, біреу...
07.10.2026
09:57
ТЖМ вице-министрдің қызметтен кету себебін түсі...