Ақтөбе облысында адамдар мінген көлік көпірден құлады

28.12.2024 15:08 Мөлдір Қайнар
Ақтөбе облысында адамдар мінген көлік көпірден құлады
282
видеодан алынған кадр

Желіде Ақтөбе облысындағы тасжолда болған апаттың видеосы пайда болды. Кадрдан көліктің көпірден құлағанын көруге болады. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын өңірдің полиция департаменті хабарлады.

"Ақтөбе облысында адамдар мінген көлік жаңа көпірден құлап кетті", - делінген кадрлардың астында. Ақтөбе облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратына сай, 27 желтоқсан күні Ақтөбе-Астрахань тасжолының Алға қаласына жақын бойында "ВАЗ-2114" және "Тойота Сиенна" көліктерінің қатысуымен жол апаты болды.

"Апат бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп түсіндірді департамент. Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе, көлік көп жүретін жерлерде жол ережесін сақтауы маңызды екенін еске салды.

Войдите, чтобы оставить комментарий