Жеке үйлердің бірінен аяқ-қолы байланған әйелдің мәйіті табылды
Өзбекстанның Әндіжан облысында жеке үйлердің бірінен 54 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Прокуратураның мәліметінше, Әндіжан ауданында табылған марқұмның аяқ-қолы байлаулы болған және денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша «пайдакүнемдік ниетпен қасақана кісі өлтіру» және «тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалған қарақшылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары шабуылдың тонау мақсатында жасалғаны туралы нұсқаны қарастыруда.
Әзірге ұрланған мүлік пен қылмыстың өзге де мән-жайы жарияланған жоқ. Күдікті әлі анықталмады, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.11.2026
14:36
Он жыл бойы іздеуде жүрген шетелдік Испаниядан ...
27.11.2026
14:26
Бетховеннің бір тал шашы 200 жылдан кейін сыр ш...
27.11.2026
14:17
Жеке үйлердің бірінен аяқ-қолы байланған әйелді...
27.11.2026
13:54
Белгілі қазақстандық дипломат Рүстем Құрманғожи...
27.11.2026
13:41
Өскеменде 10 жылға жуық іздеуде жүрген шетел аз...
27.11.2026
13:32
Бір мамандық, сегіз есе айырмашылық – Қазақстан...