Белгілі қазақстандық дипломат Рүстем Құрманғожин қайтыс болды

Белгілі қазақстандық дипломат Рүстем Құрманғожин қайтыс болды
Фото: facebook/Андрей Чеботарёв

Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуына үлес қосқан дипломат, тарихшы, халықаралық қатынастар саласының сарапшысы Рүстем Сәлімұлы Құрманғожин өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол 1985 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қарасты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. 1986–2013 жылдары сыртқы істер органдарында қызмет етіп, кеңесші-уәкіл дипломатиялық дәрежесіне дейін көтерілген.

Дипломатиялық қызметтен кеткен соң ғылыммен және ұстаздықпен айналысты. Нархоз университетінің Гуманитарлық мектебінде қауымдастырылған профессор болып қызмет атқарды. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында, сондай-ақ KIMEP, AlmaU және UIB университеттерінде дәріс оқыды.

Рүстем Құрманғожин – Қазақстан дипломатиясының тарихы мен халықаралық қатынастар жөніндегі бірнеше кітаптың, монографияның және көптеген ғылыми мақаланың авторы.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу