Он жыл бойы іздеуде жүрген шетелдік Испаниядан Қазақстанға жеткізілді

Он жыл бойы іздеуде жүрген шетелдік Испаниядан Қазақстанға жеткізілді
Фото: Бейнеден кадр

Осыдан он жыл бұрын Астанада қарақшылық шабуыл жасады деген үш адамның бірі сотталып, қалған екеуі ізін суытқан. Солардың бірі Испания астанасы Мадридте ұсталып, Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу дерегінше, күдікті екі сыбайласымен бірге бетперде мен қолғап киіп, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кірген. Үй иесіне күш қолданып, пышақпен жаралаған. Содан кейін оның ақшасын, зергерлік бұйымдары мен электронды құрылғыларын алып кеткен.

Қарақшылық шабуылға қатысқандардың бірі көп ұзамай ұсталып, 11 жылға сотталған. Ал қалған екеуіне халықаралық іздеу жарияланған.

Испаниядан жеткізілген күдікті қазір тергеу абақтысында отыр. Кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу