Ақтөбе облысының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті 1,5 триллион теңгені құрайды

13.12.2024
10:56
0
136
Ақтөбе облысының үш жылдық бюджеті бекітілді
2025–2027 жылдарға арналған Ақтөбе облысының бюджеті 1,5 триллион теңгені құрайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында мәлімделді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов облыстың бюджет қаражатының қалай бөлінетінін баяндады. Оның айтуынша, 2025 жылы 439,3 млрд теңге, 2026 жылы 515,3 млрд теңге, ал 2027 жылы 538,7 млрд теңге жұмсалмақ. Келесі жылға арналған бюджет кірісінің 47,8 млрд теңгесі облыстың өз кірісінен, 318 млрд теңгесі республикалық бюджеттен субвенция ретінде, 59,1 млрд теңгесі қала және аудан бюджеттерінен трансферт ретінде, ал 14,4 млрд теңгесі несие қаражатынан түспек.
Бюджеттің негізгі бағыттары:
- Әлеуметтік салаға 297 млрд теңге (68%) бөлінді.
- Құрылыс, энергетика, жолдар, ауыл шаруашылығы және бизнесті дамытуға 91 млрд теңге (21%) қарастырылған.
Қаражатты бөлу бағыттары:
- Құрылыс басқармасы – 18 млрд теңге
- Көлік және автожолдар басқармасы – 34 млрд теңге
- Энергетика басқармасы – 11,4 млрд теңге
- Білім беру басқармасы – 231,8 млрд теңге
- Денсаулық сақтау басқармасы – 13,4 млрд теңге
- Жұмыспен қамту басқармасы – 19,6 млрд теңге
- Спорт басқармасы – 21,7 млрд теңге
- Мәдениет басқармасы – 7,9 млрд теңге
- Ауыл шаруашылығы басқармасы – 12,3 млрд теңге
- Ветеринария басқармасы – 3,9 млрд теңге
- Табиғи ресурстар басқармасы – 2,6 млрд теңге
- Кәсіпкерлік басқармасы – 2,6 млрд теңге
- Полиция департаменті – 17,1 млрд теңге
- ТЖ департаменті – 2 млрд теңге
- Цифрлық технологиялар басқармасы – 5,5 млрд теңге
- Ішкі саясат басқармасы – 1,6 млрд теңге
- Жастар саясаты басқармасы – 633 млн теңге.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

20.04.2025
09:13
Тоқаев христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады

19.04.2025
17:05
АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетпеуі мүмкін –...

19.04.2025
16:03
Бұрынғы танымал футболшы жол апатынан көз жұмды

19.04.2025
15:05
Ақ үй коронавирус инфекциясының "нағыз шығу тег...

19.04.2025
13:07
Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: зорлықпен р...

19.04.2025
12:04
Қазақстанда пойыз 1 сағаттан артық кешіксе биле...