"Жүрегімде әлі де махаббат бар": Мөлдір Мұқан желідегі қызу талқыдан кейін алғаш рет жазба жариялады

"Жүрегімде әлі де махаббат бар": Мөлдір Мұқан желідегі қызу талқыдан кейін алғаш рет жазба жариялады
Фото: видеодан скриншот

Белгілі продюсер Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның екінші әйеліне қатысты желідегі шулы талқылаулардан кейін алғаш рет оқырмандарына үн қатып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағындағы қонақжай шаңырағын еске алып, ата-анасының жасаған жақсылығы бүгінде өзінің алдынан шығып жатқанын жеткізді.

«Өмір, мен саған ғашықпын! Бала кезімде үйімізден қонақ үзілмеуші еді. Екі күннің бірінде қой сойылып, меймандарға бас тартылып, ет асылып жататын. Әкем де, анам да қызметтегі жандар болған соң, жұмыстарын да, ауыл тірлігін де қатар алып жүретін. Дегенмен, балалары жүгіріп көмектесіп жүретінбіз. Жасым ондар шамасында болса да, анама дастархан жайысып, оны жинап көмектесетінмін, шаршап та қалатынмын. Қазір сондай сыйлы мейманның орнында өзім жүрген екенмін. Төрден орын беріп, сый-сияпатымен қарсы алып жатқан жақсылар өте көп екен айналамда», — деп жазды ол.

Сөз соңында Мөлдір Мұқан айналасындағы жанашыр жандарға ризашылығын білдіріп, болашаққа деген сенімі мен арман-мақсаты көп екенін атап өтті:

«Рақметтен басқа айтарым жоқ. Ата-анам да білген жоқ қой, өздерінің жасаған жақсылықтарының арқасында кейін балалары осылай шалқып жүретінін. Сол сияқты, айналамдағы жақсы жандарым, сіздердің жақсылықтарыңызды мен қайтара алмасам да, ұрпағыңызға жаратушының жасап қойған жақсылықтары молынан деп сенемін. Иә, мен әлемге ашықпын. Өйткені менің жүрегімде әлі де қаншама арман, қаншама махаббат, қаншама әдемі бастамалар бар!», — деді продюсер.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері, соның ішінде әнші Роза Әлқожа да Мөлдір Мұқанға жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу