Тоқаев түйеші, жылқышы және бұзау күтушіні марапаттады: толық тізім
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 18 адамды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың арасында шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер, малшылар, түйеші, жылқышы, тракторшы және бұзау күтуші бар, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған.
«Парасат» орденімен:
- Бейбіт Батниязұлы Асанов – «Жеңіс» шаруа қожалығының басшысы, Батыс Қазақстан облысы;
- Бақыт Нұртазаев – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысы.
II дәрежелі «Достық» орденімен:
- Александр Сергеевич Рудаков – «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті, Ресей Федерациясы.
«Құрмет» орденімен:
- Сейітжан Қапанұлы Балжігітов – «Достан Ата» шаруа қожалығының басшысы, Атырау облысы;
- Қуаныш Аманғалиұлы Ищанов – «Айс-плюс» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы;
- Қайырбай Қонқаұлы Мақатов – «Бижан» шаруа қожалығының басшысы, Қостанай облысы;
- Ислам Махмудович Хуршудов – «Агро Балтабай» ЖШС малшысы, Алматы облысы.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
- Рүстем Қажықанұлы Ахметжанов – «Қапшағай МТС Сервис» ЖШС малшысы, Алматы облысы;
- Мәкіш Керімбайұлы Әменов – жылқышы, Ұлытау облысы;
- Виктор Александрович Клишин – «Жер өнімдері» ЖШС тракторшы-механизаторы, Ақмола облысы;
- Қуандық Сейіткенұлы Темірбаев – «Меңдеш» шаруа қожалығының механизаторы, Павлодар облысы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
- Дәурен Шыңғысұлы Әбдірайымов – «Дәурен» шаруа қожалығының зоотехнигі, Абай облысы;
- Өтепберген Әкімұлы Әбсәттар – «Өтепберген» шаруа қожалығының түйе өсірушісі, Түркістан облысы;
- Әлия Айбасқызы Қапарова – «Burabay Milk» ЖШС бұзау күтушісі, Ақмола облысы;
- Бауыржан Қабиұлы Сейдахметов – «Шалқар» шаруа қожалығының аға бақташысы, Маңғыстау облысы.
«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді:
- Дастан Айтөленов – «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры, Жамбыл облысы;
- Сергей Адамович Звольский – «Астық-STEM» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы;
- Сейітжапар Алшынбекұлы Нығметов – «Қайнар» ЖШС директоры, Қарағанды облысы;
- Жұмаш Жұмабекұлы Тезекбаев – «Егемендік» шаруа қожалығының басшысы, Жетісу облысы.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеген еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.11.2026
17:12
Тоқаев түйеші, жылқышы және бұзау күтушіні мара...
20.11.2026
16:14
«Ұлыма лайық емессің»: Келінін ұрып-соғып, өлім...
20.11.2026
16:03
"Достық, құрмет және бірлік символы": Димаш Құд...
20.11.2026
15:17
Алатауда Мансап орталығының екі қызметкері сотт...
20.11.2026
14:40
ҚазҰУ студенттің суицид әрекеті туралы хабарға ...
20.11.2026
14:22
Баспанасы жоқ қазақстандықтар қандай мемлекетті...