Ақтөбеде оқушыны қаңғыбас иттер талап тастады

12.03.2026 09:19 Әсел Мұрат
Ақтөбеде оқушыны қаңғыбас иттер талап тастады
154
Фото: ЖИ

Ақтөбеде Шанхай ықшамауданында мектеп оқушысы қаңғыбас иттерге таланды, деп хабарлайды Politico.kz 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап

Шошып қалған 13 жастағы жеткіншек қазір дәрігерлердің бақылауында. 

13 жастағы Темірланға көшедегі адамдар араша түсіп, жеткіншек қатты жарақат алмапты. Бірақ бойында қорқыныш пайда болған. Үрген дауысты естісе жалтақтап қалады дейді анасы.

«Сол күні больницаға барып, вакциналарды алып аман-есен келді. Әлі де қорқыныш бар балаларда. Далаға да, ойнауға да, мектепке де бара алмайды. «Мама апарып тасташы» дейді. Артынан тістеп алды. Вакцина керек деп айтқан. 4 рет апта сайын алуымыз керек. Вакциналар ауыр. Баламның қызуы көтеріліп жатты», – дейді  Ақтөбе қаласының тұрғыны Салтанат Боранқұлова.

Тұрғындардың айтуынша, иесіз иттер қоқыс жәшіктерінің маңын күзетіп, келген адамдарға шабуыл жасайды. Бала түгілі үлкендерден де қорықпайды дейді. Сондықтан көпшілік ұл-қыздарының қауіпсіздігіне алаңдайды.

«Алдында баламды мектепке апарғанда ит артымыздан қалмай аңдып барып, аңдып алып келеді. Балалар қоқыс төккенде де қорқады. Иттер өте көп. Артқы жақтағы магазинге де барайық десек бара алмаймыз. Кәдімгідей иттер деген толып отырады. Бір шара қолданса жақсы болар еді. Ит қайта-қайта үсті үстіне туып жатыр», – деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Алмагүл Асанғалиева.

Биыл «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңға өзгерістер енгізілген. Соған сәйкес, қаңғыбас иттерді аулау міндеті ветеринария басқармасынан алынып, ауыл шаруашылығы бөліміне беріліпті.

«Жеке кәсіпкер қазіргі күні 8 бригада ұйымдастырды. Аулаушылар бар. Олар да қимылдамайтын дәрі дейміз бе соны иттерге береді. Жеке кәсіпкердің панажайы бар. Ауру болса, агрессия иттер болса көзі жойылады. Қалған иттерге ұрғашы болса стильдеу жасалады. Еркегі болса кастрация жасалады. Құлақтарына чип салынады», – Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Тоқболатов.

Бөлім басшысының айтуынша, биыл осы мақсатқа 55 миллион теңге бөлінген. Жыл басынан бері мың жарымға жуық ит ауланған.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий