Ақтөбеде темекі бермегені үшін пойыз бастығы пышақталып көз жұмды

11.07.2026 15:37 Қарақат АСЫЛОВА
Ақтөбеде темекі бермегені үшін пойыз бастығы пышақталып көз жұмды
290

Ақтөбе қаласындағы теміржол вокзалының перронында 47 жастағы пойыз бастығының өмірі қыршыннан қиылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамға белгісіз азамат жақындап, темекі сұраған. Алайда пойыз бастығының бас тартуына ашуланған күдікті қолындағы пышақпен оған бірнеше мәрте соққы жасаған.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда күдіктінің пышақтағы қанды сүртіп, кейін оқиға орнынан еш алаңсыз кетіп бара жатқаны көрінеді.

Полиция күдікті ретінде 28 жастағы бұрын сотталған, пробациялық бақылауда болған ер адамды ұстады. Оған қасақана адам өлтірді деген айып тағылып отыр. Қазіргі уақытта қылмыстың нақты себебі анықталып жатыр.

Белгілі болғандай, қаза тапқан пойыз бастығы қайғылы оқиға болған күні еңбек демалысында болған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, марқұмның отбасына қажетті материалдық көмек көрсетілген. Компания басшылығы мен әріптестері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий