Ақтөбеде жер үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды
647
Ақтөбеде Түрксіб көшесінде жарылыс болып, жер үй опырылған. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болған.
«Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, үйінділер тексеріліп жатыр. Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.
Оқиға салдарын жою жұмыстарына құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығы және кинологиялық топ жұмылдырылған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері де жұмыс істеуде.
Үй маңы қоршауға алынып, ғимараттың толықтай қирағаны хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың дүмпуі көршілес көшелерде де сезілген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
18:55
Бірнеше рет оқ атылған: Алматыда иттер панасыны...
09.10.2026
18:50
Тоқаев: Каспий итбалықтарының саны миллионнан 2...
09.10.2026
18:39
"Балалар мерекесінде аниматор болдым". Жұлдыз Ө...
09.10.2026
18:23
Жұлдыз Өмірғали: Жүктілік кезінде 20 кг салмақ ...
09.10.2026
18:08
“Кездесуге шақырып, несие рәсімдетті”: Астанада...
09.10.2026
17:18
«Пайдаланып кетті»: Бағлан Әбдірайымов бұрынғы ...