Ақтөбелік оқушының 100 теңге тапқысы келген адал ниеті көпті тәнті етті (ВИДЕО)

04.04.2026 17:32 Арман Ермеков
Ақтөбелік оқушының 100 теңге тапқысы келген адал ниеті көпті тәнті етті (ВИДЕО)
585
Фото: Бейнеден алынған кадр

Ақтөбеде кішкентай баланың әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде Вадим Жеребов есімді баланың видеосы кеңінен тарап кетті. Ол Ақтөбедегі наубайханалардың біріне кіріп, «100 теңгеге жұмыс беріңізші» деп өтініш айтқан.

Digital Business басылымына берген сұхбатында кәсіпкер Аслан Зұлқашев оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Наубайхана иесінің сөзінше, мекемеге ақша сұрап келетін балалар көп болғанымен, Вадимнің ниеті бірден байқалған.

«Ол ақша емес, жұмыс сұрады. Қоқыс шығарып бергені үшін қолымызда бар 3-4 мың теңгені ұстаттық, ол мұндай соманы күтпеген еді», – деді кәсіпкер.

Кейін белгілі болғандай, Вадим сыртта күтіп тұрған құрбысын қыдырту үшін осылай ақша тапқысы келген.

Келесі күні бала наубайханаға қайта келіп, кассирге алғыс ретінде тәттілер мен «чупа-чупс» қалдырып кеткен. Мұны естіген Аслан Зұлқашев баламен арнайы танысу үшін келіп, оған 10 000 теңге сыйлап, достық ұсынды.

Кәсіпкер баланың анасымен де сөйлескен, анасы ұлының бұл ісін қалыпты жағдай деп қабылдапты. Вадим қазір 4-сыныпта оқиды.

Бұл оқиғадан соң наубайханаға бейтаныс адамдар келіп, балаға қолдау көрсете бастаған. Бір ер адам Вадимнің келешектегі тамағына деп 20 000 теңге тастап кетсе, енді бірі тісін тегін емдеп беруді ұсынған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий