Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді: жаңа нәтижелер

Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді: жаңа нәтижелер
10.02.2025 10:59
0
163
baigenews.kz
Солтүстік Аралдағы су деңгейі 22,1 млрд текше метрге жетті

Солтүстік Арал теңізіне 2024 жылдың қазан айынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін 1 миллиард текше метр су жіберілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текше метрге артық. Орталық Азия елдерімен жасалған келісімдер аясында наурыз айының соңына дейін теңізге 1,6 миллиард текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 22,1 миллиард текше метрге жетті. 2022 жылдың басында бұл көрсеткіш 18,9 миллиард текше метр болған. Жоспарға сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін теңіздегі су деңгейі 23,4 миллиард текше метрге дейін көтеріледі.

Теңіздің ауданы да ұлғайып келеді. Қазіргі таңда оның көлемі 3065 шаршы шақырымды құрайды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 111 шаршы шақырымға артық.

Су көлемінің артуы судың минералдану деңгейін төмендетіп, 22 түрлі балық түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта жыл сайын 8 мың тоннаға дейін балық ауланады.

Сондай-ақ, "Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру" жобасы аяқталу сатысында.

Күріш егістіктерінде су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Кызылорда облысында 55 мың гектар алқапқа лазерлік тегістеу әдісі қолданылып, суды 200 миллион текше метрге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, орташа күріш өнімділігі гектарына 70-80 центнерге дейін артты.

Фермерлер үшін инфрақұрылым тарту, су үнемдеу жүйелерін сатып алу мен орнатуға арналған субсидия көлемі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Поливтік суға берілетін субсидия көлемі 85%-ға дейін өсті.

Арал теңізінің құрғаған бөлігінде көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Үлкен Арал теңізінің құрғаған түбіне 4,4 миллион көшет отырғызылды. 2021-2024 жылдары 475 мың гектар аумаққа өсімдіктер егілді. 2025 жылдың соңына дейін көгалдандырылған аумақ 1,1 миллион гектарға жетуі тиіс.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының (МФСА) төрағалығын өз қолына алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін аталған ұйымды басқарады. Осы кезеңде 40-қа жуық шараны қамтитын жоспар бекітілді.

Теңіздің көлемі мен аумағының ұлғаюы судың сапасын жақсартып, экожүйені қалпына келтіруге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Қызылорда облысында балық шаруашылығының дамуына серпін бермек.

Ақпарат inform.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий