Әрбір кәсіпорын қоршаған ортаға шығарындыларды азайту бағытында жұмыс істеуі керек – Бектенов

19.12.2025 14:03 Әсел Мұрат
Әрбір кәсіпорын қоршаған ортаға шығарындыларды азайту бағытында жұмыс істеуі керек – Бектенов
2106
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Президент жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысының энергетика саласын үздік қолжетімді технологияларға көшіру арқылы жаңғырту және орнықты даму (ESG) жөніндегі есептілікті кезең-кезеңімен енгізу туралы тапсырмаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының шамамен 39%-ы энергетика саласының кәсіпорындарына тиесілі екенін хабарлады. Өңірлер бөлінісінде шығарындылардың басым бөлігі Павлодар облысына келеді, мұнда негізгі ластаушылар – Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2. Сонымен қатар Алматы қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары күйінде қалып отыр.

Шығарындыларды қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ және «Алматы электр станциялары» АҚ басшыларының баяндамалары тыңдалды. Орнықты даму қағидаттарын сақтау мақсатында аталған үш нысанда эмиссияларды автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілуде. Деректер Экология министрлігіне нақты уақыт режимінде берілуде. Толық қосу 2026 жылға жоспарланған.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Президенттің «таза көмір» технологияларын пайдалану жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Қолданыстағы нысандарды жаңғыртумен қатар, жаңа іске қосылатын кәсіпорындарға қойылатын талаптар қатаңдатылды. Экологиялық кодекс нормаларына сәйкес, олар анағұрлым қатаң экологиялық стандарттарды ескере отырып жұмыс істейтін болады.

«Президент елдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде міндеттер қойды. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында ауаның ластануын азайту және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша негізгі индикаторлар айқындалған. Мәселе – стратегиялық құжаттарда бекітілген осы міндеттерді дұрыс іске асыруда. Бұл – барлық жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тікелей міндеті. Әрбір кәсіпорын қоршаған ортаға шығарындыларды қысқарту және қалдықтарын қайта өңдеу бағытында жұмыс істеуі тиіс», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке энергетика саласын түбегейлі жаңғырту жөнінде тапсырма берді.

«Таза көмірдің заманауи технологияларына жедел көшу қажет. Бұл көмір электр станцияларының тиімділігін арттырып, қоршаған ортаға шығарындыларды азайтады. Біз көмір генерациясынан бас тарта алмаймыз – бұл объективті шындық, әсіресе біздің қорларымызды ескерсек. Сондықтан оны пайдаланамыз. Алайда көмірмен жұмыс істейтін барлық энергия өндіруші қуаттар заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Жаңа технологиялар жағу кезінде іс жүзінде нөлдік шығарындыларды қамтамасыз етеді», – деп атап өтті премьер-министр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий