Арман Дүйсенов өзі тұрып жатқан жертөледегі студияда көз жұмған
1968
Танымал сазгер, тележүргізуші Арман Дүйсенов өмірінің соңғы күндері Индира Елеместің жертөледегі студиясында тұрып жүрген. Өкінішке қарай, оның ақтық демі де дәл сол ән жазу студиясында таусылған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.
Индира Елеместің айтуынша, ол Арман Дүйсеновпен туған ағалы-қарындастай қарым-қатынаста болған. Сондықтан әнші сазгердің қазасын ауыр қабылдаған.
Жүрегі тоқтап, бір сәтте кетіп қалды. Ауырып, сырқаттанып, қиналып жатқан жоқ. Балалардың айтуынша, су ішкен. «Қалайсыз, бәрі жақсы ма?» дегенде, «иә» депті. Су ішті, жатты, содан кетіп қалыпты. Таңғы сағат 9 шамасында, - дейді Индира Елемес.Ол, тіпті, марқұмның жаназасын өз үйінен шығаруға әрекеттенген.
Туған ағамдай жақсы көрдім. Мұндай нәрсе айту ауыр. Сол уақытта Арман аға қатты күйзелісте жүрген. Отбасын, бала-шағасын, әйелін қатты сағынды. Егер үй болмаса, жаназасын біздің үйден шығарайық деп ниеттендім, бірақ имамдар қарсы болды, - деді ол.Арман Дүйсеновтің жаназасы Алматы орталық мешітінде оқылды. Индира Елеместің айтуынша, өмірінің соңғы күндері ол бәрімен қоштасқандай болған.
Арман аға отбасын, қызын, ұлдарын, әсіресе кішкентайын өте қатты жақсы көрді. Сөйлесіп қалғанда, 100-дің 90 пайызында отбасы, әйелі туралы айтатын. Әйелі Айсұлу ханымды қатты жақсы көретін. Соңғы сәттерде қоштасқандай да болды. «Мен өзіммен мақтанамын, себебі өте жақсы балаларды асырадым. Ұлым Абылай менің орнымды баса алады» деген кезде мен «Аға, қойыңызшы» дейтінмін. Тек қызын қатты уайымдайтын, себебі ол Лондонда оқитын, - деді ол.Соңғы жылдары Арман Дүйсеновті телеарналардан шеттетіп, сахнадан алыстатқаны туралы да айтылған. Индира Елемес бұл мәселеге қатысты да пікір білдіре кетті.
Шақырғандар болды. Арада не болғанын қайдам, бірақ кейін сол кісілер шақырмай қалды. Арман ағаның атынан «ол кісі сырқаттанып жатыр, ешқайда шықпайды» деп айтқандар да бар екен. Ағаның өзі де таңғалатын, - деді ол.Бұл ретте марқұмның отбасы «Астарлы ақиқат» студиясына келуден бас тартқан.
Соңғы жаңалықтар
31.03.2026
09:50
Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жасөспі...
31.03.2026
09:42
Павлодар облысында дүние үшін әйелін суға батыр...
31.03.2026
09:41
Кеше ғана бірігіп президентке үндеу жасаймыз де...
31.03.2026
08:49
Алматыдағы жол апаты туралы сұмдық деректер айт...
30.03.2026
23:33
Ақордада емес, Ұлытауда: Қасым-Жомарт Көбейсін ...
30.03.2026
22:56
Ақордада коронавирус кезінде қабылданған страте...