«Арқанкергендегі қырғын»: Өмір бойына сотталған Челах қайда? Тың дерек

«Арқанкергендегі қырғын»: Өмір бойына сотталған Челах қайда? Тың дерек
21.04.2025 08:00
0
419
Фото: Видеодан кадр

Талдықорғанда шекара заставасы бастығы Алексей Фоминге және «14 шекарашы мен бір орманшыны өлтірді» деп айыпталған сарбаз Владислав Челахқа қатысты сот үкімі 2012 жылы шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Судья Ербол Ахметжанов «шекарашы Владислав Челах 15 адамның өліміне айыпты» деп, оны өмір бойы бас бостандығынан айырып, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтеуге үкім еткен. 

Судья жәбірленушілердің 50 миллион теңге өтемақы өндіріп беру туралы талаптары жарым-жартылай орындалғанын, сотталушы азамат оларға 25 миллион теңге өтеуі тиіс екенін жариялады. Сотталушы Владислав Челах оған қоса Үшаралдағы әскери бөлімге 7 миллион 847 мың 373 теңге өтеуге тиіс.

Арқанкергендегі оқиға 2012 жылы мамырдың 30-ы күні мәлім болды. Мамыр айының соңғы күндерінде Арқанкергендегі шекарашылармен байланыс кенеттен үзіледі. Екі күннен кейін – 30 мамырда Арқанкергенге жіберілген жасақ шекара бекетінің түгі қалмай жанып кеткенін көреді. 

Бір күннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі өртеніп кеткен ғимараттан 12 адамның сүйегі, ал келесі күні тағы екі шекарашының мүрдесі табылғанын мәлімдеді. Бұған қоса, бір қорықшының мәйіті табылған. 

Тірі қалған жалғыз шекарашы – 19 жастағы Владислав Челах маусымның 5-інде ұсталды. Ол қазіргі таңда ерекше тәртіптегі «Қара бүркіт» түрмесінде жазасын өтеуде. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий