Астанада 12 жасар ұл баланы такси жүргізушісі зорлап, айдалаға тастап кеткен

Адвокат Ләззат Рақышева сұмдық жағдайдың бетін ашты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл видеоны әлеуметтік желіге Ләззат Рақышева салды.
«Таяуда 4 баласы бар еркек таксиге отырған қызды зорлап кетті. Былтыр Астана қаласынан жылаған ана маған хабарласты, 12 жасар ұлын сабақтан кейін таксиге отырса, қаланың сыртына ұлын зорлап тастап кеткен», - деп жазды адвокат.
Ләззат Рақышева желідегі парақшасында кеңесін айтыпты.
«Сол себепті жас бала мен қыздарға айтар кеңесім:
- таксиге отырғанда міндетті түрде ата-аналарыңа, жақындарыңа көліктің номерін жіберіп қойындар. Номерді жібергенде жүргізуші естісін сіз ол туралы мәлімет жібергеніңізді.
- түн ішінде жалғыз таксиге отырып, алыс сапарға ата-аналарына айтпай шықпандар. Міндетті түрде туыстарыңды ескертіңдер қандай көлікке отырғандарыңды.
- таксист еркек қалжындасып сөзге тартса сөйлеспеңіздер, олар әдейі ажырасқанмын, үйленбегенмін, әдемі екенсің,қайда оқисын, не жұмыс істейсін, өмір деген осындай, т.б… деп өтірік әңгімені бастайды», - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар




