"Артында алты баласы қалды": боксшы Марат Мәзімбаевтың жұбайы өмірден өтті
992
IBA нұсқасы бойынша екінші аса жеңіл салмақта әлем чемпионы болған Марат Мәзімбаевтың бірге отасқан жұбайы Жанна Мәзімбаева өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz 1bol сайтына сілтеп.
Марат Мәзімбаев кәсіпқой бокста 7 жыл өнер көрсетті. Ол 25 жекпе-жек өткізсе, соның 20-да жеңіске жеткен. Тараздық спортшы кәсіпқой рингте IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, WBO Intercontinental World Champion белдігіне ие болған.
Боксшы жұбайымен 2001 жылы отасқан. Осы уақыт аралығында алты баланың ата-анасы атанып үлгерді. Марқұмның артында төрт қыз, екі ұлы қалды.
Айта кетелік, Марат Мәзімбаев - қазақстандық кәсіби боксшы, кәсіпқой боксшы. IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс Азия ойындарының (1997), 13-Азия ойындарының қола жүлдегері (1998).
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...