«Әскери қызметкер» дүкеннен сыра ұрлады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

13.03.2026 14:40 Әсел Мұрат
«Әскери қызметкер» дүкеннен сыра ұрлады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
196
Фото: видеодан скрин

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған сыра ұрлаған «әскеридің» видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

 Желіде тараған видеодан дүкеннен әскери киім киген ер адамның дүкеннен сыра ұрлағанын көруге болады.

«Әлеуметтік желілерде тарап кеткен мына видеодағы азаматтың Қазақстан  Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Ол жоғары оқу орындарының бірінің студенті және әскери кафедрада білім алып жүргені белгілі болды», - делінген қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Министрліктің мәліметінше, видеодағы ер адамның үстіндегі киім элементтері Қарулы Күштердің қолданыстағы әскери киім үлгілеріне сәйкес келмейтінін де байқауға болады. 

«Мысалы, киімінде белгіленген айырым белгілері жоқ, ал пайдаланылған далалық форма үлгісі ескірген нұсқаға жатады және қазіргі уақытта Қарулы Күштерде мұндай форма қолданылмайды. Бұл мәселе бойынша полиция органдары тексеру шараларын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және тиісті процессуалдық шешім қабылдауға бағытталған жұмыстар атқаруда», - деді министрліктегілер.

Министрлік БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий