«Асқарға жауап па?»: Бота Миа мен Еркебұлан Тоқтар желіні шулатты

24.12.2025 10:20 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Асқарға жауап па?»: Бота Миа мен Еркебұлан Тоқтар желіні шулатты
0
69
Коллаж: Politico.kz

Соңғы күндері блогер Бота Миа атымен танымал Ақбота Нұрахын мен актер Еркебұлан Тоқтардың ара-қатынасы әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Екеуінің бірге түскен видеолары мен ортақ контенті жұрт арасында түрлі болжамға себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz

Желі қолданушыларының бір бөлігі оларды «жаңа жұп» деп қабылдап, қосылуларына тілектестік білдірсе, енді бірі бұл әрекетті әдейі жасалған қадам деп санайды. Кей пікір иелері «Бота Асқарға ерегісіп жүр» деп жазса, тағы біреулері мұның артында жарнамалық мақсат жатқанын алға тартты.

Пікірлер легі сан алуан. «Керемет жұп, жарасып тұр», «Бұл да бір қазақы дорама болды», «Жарнаманың иісі шығып тұр», «Гүл дүкенінің жарнамасы сияқты», «Еркебұлан бұған қарамайтын шығар, жай контент қана» деген сынды ойлар желіде жиі кездесіп жатыр. Ал кейбір оқырмандар Бота Миаға қолдау білдіріп, оның еңбекқор әрі өз жолын тапқан қыз екенін атап өтті.

Әзірге Бота Миа да, Еркебұлан Тоқтар да бұл жағдайға қатысты нақты пікір білдірген жоқ. Сондықтан желідегі бұл әңгіме әзірше болжам мен жорамал деңгейінде қалып отыр. Қалай болғанда да, қос өнер иесінің әрекеті көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланатын тақырыпқа айналды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий