Астана тұрғыны Дубай шоколады үшін 3 жылға сотталып кетті
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты он адамнан Дубай шоколады үшін ақша алып, алдап кеткен жігітті 3 жылға шартты түрде соттады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жігіт он адамнан жалпы сомасы 301 020 теңге алған екен.
«Прокурор оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Оның адвокаттары жігітті ақтап, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Жігіт он адамға алған ақшасын қайтарып беріп, алаяқтық жасағанына өкінетінін айтқан. Сот жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескеріп, оны 3 жылға бас бостандығынан шеттеткен», - деп хабарлайды сот.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.11.2026
21:21
ҰБТ орнына жаңа емтихан енгізіле ме? Министр ел...
12.11.2026
20:52
Астанадағы шашылған долларлар: Атырауда видео ж...
12.11.2026
20:04
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өтк...
12.11.2026
19:55
«Кенеттен жөндеу басталмақ»: Ақтөбеде мүгедекті...
12.11.2026
19:44
Ақтауда тұрғын үй ауласында көлік өртеніп, газ ...
12.11.2026
19:00
Басшысы ұсталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» инве...