Астанада 19 жастағы қыз Қайрат Нұртастың үстінен полицияға арыз жазды

10.07.2026 14:35 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Астанада 19 жастағы қыз Қайрат Нұртастың үстінен полицияға арыз жазды
779
Фото: instagram.com/kair_n

Астанадағы Ritz-Carlton қонақүйінде 19 жастағы бойжеткен әнші Қайрат Нұртастың үстінен полицияға шағым түсіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, 37 жастағы Қайрат Айдарбековті "ауыр" қылмыс жасады деп айыптаған арыз түскен. Қонақүйдегі жанжалдан кейін қыз полиция шақырған. Алайда аудандық басқармаға жеткізілген соң ол барлық шағымынан бас тартты.

EGOV.PRESS телеграм-арнасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 10 шілдеде Астананың Есіл ауданында болған. 2006 жылы туған Оңтүстік Қазақстан тумасы интимдік қызмет көрсету үшін қонақүй нөміріне шақырылғанын жеткізген. Жанжал оның процесті телефонға түсірмек болғанынан басталған көрінеді. Тараған ақпаратта бойжеткеннің жезөкше ретінде есепте тұрғаны айтылады. Сондай-ақ қызмет үшін 240 мың теңге төленгені көрсетілген.

Қазіргі уақытта біздің редакция Астана қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Әзірге жауап келмеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий