Астанада 22 жастағы бойжеткен биіктен құлап көз жұмды

18.08.2026 09:18 Әсел МҰРАТ
Астанада 22 жастағы бойжеткен биіктен құлап көз жұмды
171
Фото: әлеуметтік желіден

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 22 жастағы бойжеткеннің өлімімен аяқталған қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, ол биіктен құлап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, бұл суицид болуы мүмкін.

Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен сол сәтте ғимарат маңынан өтіп бара жатқан курьердің үстіне құлаған. Бастапқыда жеткізушінің де көз жұмғаны хабарланғанымен, кейінірек оның аман қалғаны белгілі болды.

Оқиға орнына жиналған кейбір тұрғындардың жағдайды видеоға түсіріп, желіге жүктеуі көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Желі қолданушылары: «Өзгенің қайғысын тамашалап, жақыннан түсіру адамгершілікке жатпайды», — деп наразылық білдірді.

Сондай-ақ оқырмандар марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, қиын сәтте қолдау көрсету мен дер кезінде көмекке жүгінудің маңызын еске салды. 

Редакциямыз осы оқиғаға қатысты Астана полициясына сауал жолдады.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Слдарынан алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Войдите, чтобы оставить комментарий