Астанада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды
Елордада дәмханалардың бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша ол палау орталығында газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға «Центр плова» дәмханасында болғаны белгілі.
Астанада Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, кейіннен қирауы және жануы орын алды. Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде.
Фото: Malim.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
21:27
Мемлекетке қайтарылған Назарбаевтың зауыты саты...
19.11.2026
19:20
Бектенов Ақтөбедегі екі зауытты аралады
19.11.2026
17:46
Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға берілетін ...
19.11.2026
17:16
Алматыда қызды ұрған жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.11.2026
17:03
Жабық сот: Қазақстанда тыңшылық жасады деген өз...
19.11.2026
16:43
Тұрғын үйде болған жарылыстан кейін жеті адам і...