Астанада ер адам әлеуметтік желіден берілген тапсырыспен үйді өртемек болған
Астанада ер адам Instagram арқылы берілген тапсырыс бойынша тұрғын үйді өртемек болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желіде қосымша табыс іздеп жүріп, 2 мың доллар көлеміндегі сыйақыға заңсыз әрекет жасауға келіскен.
Прокуратураның хабарлауынша, күдікті үй ішінде адамдар бар екенін біле тұра, алдын ала дайындалған жанғыш заттарды тұрғын үйге қарай лақтырған. Осылайша, ол азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.
Алайда қылмыстық әрекетін соңына дейін жеткізе алмаған.
Сот оны бөтеннің мүлкін жоюға оқталу бабы бойынша кінәлі деп таныды. Бұрынғы өтелмеген соттылығын ескере отырып, оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды