Астанада LRT желісінен өрт шықты
Астанадағы Сығанақ көшесінде орналасқан Astana LRT эстакадасының үстінде өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
Жедел жеткен өрт сөндірушілер оқиға орнында бірден құтқару жұмыстарына кіріскен.
Төтенше жағдайлар департаменті өртті ауыздықтау барысы туралы ақпарат таратты.
«Электрмен жабдықтау желісі толықтай токтан ажыратылды. Осыдан кейін өрт сөндірушілер Vario Carbon автономды аспалы (ранцевый) өрт сөндіргішінің көмегімен жалынды сөндіруге кірісті», — деп хабарлады ведомстводан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тілсіз жау үлкен аумаққа жайылып үлгермеген. Өрттің жалпы ауданы 1 қума метрді құрады.
Қазіргі уақытта жалын толығымен ауыздықталып, жойылды. Кейінірек Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіру сәті түсірілген ресми кадрларды жариялады.
Соңғы жаңалықтар