Астанада өрттен үш баласынан айырылған әйелдің денсаулығы туралы тың дерек шықты

Астанада өрттен үш баласынан айырылған әйелдің денсаулығы туралы тың дерек шықты
Фото: коллаж politico.kz

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған өрттен зардап шеккен әйел әлі де жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Түркістан көшесінде болған өрттен зардап шеккен науқасқа қарқынды терапия жүргізіліп, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Дәрігерлер қазіргі уақытта әйелдің жағдайында оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу