Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты мерт болды

15.09.2026 15:42 Әсел МҰРАТ
Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты мерт болды
91
Фото: видеодан скрин

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыптының қазасына қатысты қайғылы жағдай болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ерлі-зайыптының арасында жанжал туындаған. Кейін ер адам мен әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.

Көршілердің айтуынша, қайғылы жағдайға олардың 12 және 14 жастағы екі баласы куә болған.

Оқиғаның мән-жайын білу үшін Астана полициясына сұрау жолдадық. Құқық қорғау органдары әзірге ресми мәлімет берген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий