Астанада подполковник 6 жастағы қызды зорламақ болған
398
Астанадағы ауруханалардың бірінде подполковник кәмелетке толмаған баланы зорлауға әрекеттенгені үшін тексеріс басталып кетті.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 102 пультіне ауруханада төбелес болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобы жағдайды анықтады.
Тергеу барысында 1992 жылы туған азамат К.-ның 1986 жылы туған азамат Е.-ге дене жарақатын салғаны белгілі болды. Азамат Е. Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінде батальон командирінің орынбасары болып қызмет етеді және подполковник шеніне ие. Алдын ала мәлімет бойынша, подполковник палаталардың біріне кіріп, 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызға жәбір көрсетуге әрекеттенген.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
08:21
«Жоғары мәдениетіңізді айрықша атап өткім келед...
09.09.2026
23:05
Шымкентте көршілер арасындағы жанжал қайғылы ая...
09.09.2026
22:25
Дрондардан кейін КҚК терминалында не болды? Маң...
09.09.2026
21:30
«Өзімді қорғадым»: Танысын пышақтап өлтірген Ор...
09.09.2026
20:36
29 перзентханада санитарлық талап сақталмаған: ...
09.09.2026
20:06
Көкшетауда 19 жастағы жұмысшы тоғызыншы қабатта...