Астанада полиция полковнигі заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінді – БАҚ 

Астанада полиция полковнигі заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінді – БАҚ 
Egov.press
ЖАЛҒАСЫ

Астанадағы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Egov.press Telegram-арнасының мәліметінше, ол полиция полковнигі Әлия Мақаева болуы мүмкін.

Арнаның жазуынша, оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері «өз қатарын тазарту» аясында ұстаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Әлия Мақаеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабының 3-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және 394-бабының 3-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша күдік келтірілген.

Сондай-ақ Egov.press мәліметінше, сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Ресми органдар әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу