Астанада құлаған кондиционерден жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды

18.11.2025 13:47 Арман Ермеков
Астанада құлаған кондиционерден жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды
0
376
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ұлдана Мырзуан

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 қарашада зардап шеккен жедел жәрдем қызметкеріне қатысты қайғылы хабарды жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

"Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік міндетін атқару кезінде тұрғын үй кешенінің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бір бөлігінің құлауы салдарынан ауыр жарақат алған фельдшердің 18 қарашада қайтыс болғанын терең күйзеліспен хабарлайды", — делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Марқұм Ұлдана Мырзуан бірнеше күн бойы өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқан.

Сол күні, 8 қарашада, шамамен таңғы сағат 10:30-да Ұлдана әріптестеріне көмекке шақыруға келген. Оның жұбайы Әділет Зейнелдің айтуынша, фельдшер екі адамды қиранды астынан шығарып үлгерген. Алайда, ол үшінші зардап шеккен ер адамды көтермек болған сәтте, жоғарыдан кондиционер құлап, оның басына қатты соққы тиген.

Ұлдана Мырзуан бес жыл бойы фельдшер болып еңбек еткен. Жұбайының айтуынша, туыстары бұл кәсіптің қауіптілігіне байланысты оған жұмысын ауыстыруға кеңес берген. Дегенмен, Ұлдана өзінің сүйікті ісінен бас тарта алмаған.

Ұлдананың осыдан бірнеше апта бұрын ғана үйлену тойы өткен еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий