Астанада шетелдік жанкүйерлер матчқа «Бораттың» купальнигін киіп келген (ВИДЕО)
Астанада «Қайрат» пен «Брюгге» матчында стадионда шетелдік жанкүйерлер «Бораттың» образында купальник киіп шығып, полиция назарына ілікті , деп хабарлайды Politico.kz.
Ерсі әрекет көрсеткен белгиялық жанкүйерлердің бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды.
Шетелдік қонақтар стадионда мас күйде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасаған.
Полиция үш шетелдік азаматты ұстап, уақытша ұстау бөліміне орналастырған.
Қазіргі кезде әкімшілік іс қозғалып, сотқа берілді.
«Қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін аталған азаматтарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында күні кеше «Қайрат» елордада «Брюгге» командасына есе жіберіп, 1:4 есебімен жеңілген болатын.
Соңғы жаңалықтар