Астанада жойғыш ұшақтар жаттығу жасайды
617
28 мамырда Астана аспанында Қарулы күштерге қарасты жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді, деп хабарлайды Politico.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік бұл іс-шараға дайындық жұмыстары 24 мамырдан басталатынын мәлімдеді. Әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары елорда әуе кеңістігінде қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тіршілігіне ешқандай кедергі келтірмейді.
Ведомство тұрғындар мен қала қонақтарынан жаттығу кезінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шуға түсіністікпен қарауды сұрайды. Барлық ұшу қауіпсіздік талаптарына қатаң сай ұйымдастырылғандықтан халыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Сонымен қатар әуеде түрлі түсті түтіндерді қолдану тек көрсетілімдік сипатқа ие және оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ екені айтылды.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...
05.10.2026
20:49
Марғұлан Аманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрл...