Астанадағы кран құлауына байланысты комитет төрағасы жауап берді

Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай
Астанадағы құрылыс алаңында кранның құлап, жұмысшының мерт болуы қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.
Оқиғаға байланысты пікір білдірген Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мердігер немесе техниканы пайдаланған тараптың тарапынан заңбұзушылықтар анық байқалатынын айтты. Алайда нақты жауапты тарап тергеу нәтижесінде белгілі болады.
— Бұл жағдайда мердігер ұйымның немесе нақты осы көтергіш техниканы пайдаланған тараптың тарапынан заңбұзушылықтар анық байқалады. Қай тарап жауапты екені тергеу барысында нақтыланады. Ал біздің комитет тарапынан қандай да бір қосымша бақылау шараларын күшейту әзірге жоспарланып отырған жоқ, — деді ол журналистер сұрағына жауап беріп.
Тергеу амалдары жүріп жатыр. Жауапты тұлғаларға қатысты нақты шаралар қабылдануы мүмкін.
Дереккөз: Казинформ
Соңғы жаңалықтар





