Астанадағы қоқыс полигонындағы ірі өрт үшінші тәулік бойы сөндірілмей жатыр
Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан ірі өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомствоның мәліметінше, өртті тезірек ауыздықтау үшін полигон аумағы екі учаскеге бөлініп, негізгі күш пен арнайы техника сол жерлерге жұмылдырылған. Өртті сөндірумен қатар инженерлік жұмыстар да жүргізілуде.
Өрт ошақтарының таралуына жол бермеу үшін олар инертті материалмен жабылып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін полигонға шамамен 14,85 мың тонна инертті материал жеткізілген.
Алайда өртті толық сөндіруге қою түтін мен қоқыс массасының борпылдақ құрылымы кедергі келтіруде. Соның салдарынан арнайы техниканың өрт ошақтарына жақындауы қиындап отыр.
Суды жеткізу үшін өрт сөндіру автоцистерналары мен су таситын көліктер пайдаланылып, олар жақын маңдағы өрт гидрантынан су алып келуде.
Қазіргі таңда өртті сөндіруге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың 120-ға жуық қызметкері және 150 бірлік техника тартылған.
ТЖМ өрттің жағдайы тұрақты бақылауда екенін, ал жалынды толық сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.
Еске салайық, қоқыс полигонындағы өрт 10 шілдеге қараған түні шыққан болатын.
Соңғы жаңалықтар