Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
491
Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұдан бөлек, концертте «Астана опера»мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.
Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.
Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алған болатын.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың еліміздегі ресми сапары аясында қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумы өтіп жатыр. Іс-шарада сөз алған Ерлан Қарин қазақ-қырғыз бауырластығының түп тарихына тоқталып, қос халықтың алып перзенттері арасындағы достықтың озық үлгілерінен мысал келтіргенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Астанада Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтті. Соңғы жаңалықтар
15.07.2026
23:08
Алматыда дипломын жыртқан түлек жауапқа тартылды
15.07.2026
22:14
Қызметтік көлікпен 1,5 жастағы сәбиді қағып өлт...
15.07.2026
21:48
Базарда жоғалған әйел өз анасының үйінен небәрі...
15.07.2026
21:14
Нұрай Серікбайдың ісінде күтпеген жағдай: Заңге...
15.07.2026
20:41
Әнші Қарлығаш Сұлтанша: Балам ауырғанда ешкім қ...
15.07.2026
20:17
Дрон шабуылынан кейін Ресейдегі алып мұнай зауы...