Аты аңызға айналған боксшы қайтыс болды

Аты аңызға айналған америкалық боксшы, супертяж салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джордж Форман 76 жасында өмірден озды. Бұл туралы оның туған-туыстары Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған қоштасу хабарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Oxu.Az сайтына сілтеме жасап.
"Біздің сүйікті Джордж Эдвард Форман-старшийдің 2025 жылдың 21 наурызында жақындарының ортасында тыныш дүниеден озғанын зор күйзеліспен хабарлаймыз. Жолдаған махаббаттарыңыз бен тілектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Осы сәтте жеке кеңістік сұраймыз – бұл ерекше адамның өмірін құрметпен еске алғымыз келеді", – делінген ресми мәлімдемеде.
Джордж Форманның спорттық жолы
1949 жылы АҚШ-та дүниеге келген Форман супертяж салмақтағы кәсіпқой мансабын 1969 жылдан 1977 жылға дейін және 1987 жылдан 1997 жылға дейін жалғастырды. Ол WBC, WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, екі рет The Ring журналының "Жыл боксшысы" атағына ие болды (1973, 1976).
1994 жылы, 45 жасында, ол бокстағы ең егде жастағы әлем чемпионы атанып, WBA және IBF белбеулерін жеңіп алды. Бұл рекорд 2010 жылы Бернард Хопкинс тарапынан жаңартылғанымен, Форман ауыр салмақтағы ең жасы үлкен чемпион ретінде тарихта қалды.
Форманның жетістіктері
-
1968 жылы Олимпиада ойындарының алтын медалін иеленді;
-
Кәсіпқой бокста 81 жекпе-жек өткізіп, оның 76-сында жеңіске жетті (68-і нокаутпен);
-
Бар-жоғы 5 рет жеңіліс тапқан.
Соңғы жаңалықтар





