«Атыңа кір келтірме»: Журналист Димаш Құдайбергенге ескерту жасады
1007
Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әскери көлік өндіретін зауытқа барған Димаш Құдайбергенді сынады, деп хабарлайды politico.kz.
“Оқырмандарым Димаш Құдайбергеннің Барысовтың зауытында жүрген видеосын жіберді. Украинада болған әскери техниканың зауыты Димашқа не үшін қажет екенін білмедім. Сол үшін Барысов оған үлкен көлемде ақша төлеген бе?! Айналайын, Димаш! Ұры, алаяқтармен байланысып, өзіңнің осы ақ костюміңдей атыңа кір келтірме. Сені Саясат Нұрбек ғылым мен “Болашақты” жарнамалау үшін пайдаланды. Болашақ бойынша сені пайдаланды. Мен сынағаннан кейін ақылың мен батылың жетіп сен одан бас тарттың. Сенің аузыңнан шыққан сөздің бәрін халық қабылдайды. Өйткені саған сенеді. Бірақ саған айналаңда жүрген адамдарды жақсылап таңдау керек”, – деп жазды журналист.Журналистің айтуынша, зауыт иесі мемлекетке борышкер кәсіпкерлердің бірі екен.
“Барысов мемлекеттен 4,7 млрд теңге алып, жұмыс техникасын жеткізбей, жауынгерлік модульдерді ауыстырғанын жасыруға тырысқан. Кейін ақаулы техниканы өткізу үшін мемлекеттік органдармен соттасып, ұтылып қалған. Сот одан мемлекетке тиесілі қаржыны қайтаруын талап еткен. Алайда журналистің айтуынша, бір жылдан астам уақыт өтсе де, ол халықтық ақшаны мемлекетке қайтармапты. Керісінше, ақшаны зауыттың PR жұмысына жұмсап жүргенге ұқсайды. Димаш, алаяқтар мен байсымақтар сіздің тырнағыңызға да татымайды. Ұры, алаяқтармен байланысып, таза атыңызды ластамаңыз. Бізді жаңа әндеріңізбен, керемет дауысыңызбен және шығармашылық концерттеріңізбен қуантыңыз. Сіз Жұлдызсыз! Лас шаңға түспеңіз», – деп ескертті желі қолданушысы.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
11:18
Каспийде қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына ...
27.09.2026
10:20
Шиеліде мектеп оқушысы ер адамға пышақпен шабуы...
27.09.2026
09:18
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен бос...
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...