Атырауда полицейлерді жабылып сабаған бұзақылар қамауға алынды
Атырау облысының Мақат ауданында қызмет барысында жүрген екі тәртіп сақшысына шабуыл жасаған бір топ азамат ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мақат ауданында 2026 жылдың 3 сәуір күні сағат 22.00 шамасында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген екі полиция қызметкеріне бір топ жас жігіт жабылып күш көрсеткен. Тәртіп сақшылары заңсыз әрекетті тоқтатпақ болған кезде мас күйдегі азаматтар оларға агрессия танытып, қарсылық білдірген.
«Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сонымен қатар кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.
Еске сала кетейік, дәл осыған ұқсас жағдай бұған дейін Қостанайда болған еді. Ол кезде мас күйіндегі 3 адам өздеріне ескерту жасаған полицейді ұрып, артынан еліміздің барлық тәртіп сақшыларынан кешірім сұраған.
Соңғы жаңалықтар