Атырауда қайын жұртынан алтын ұрлаған келін сотталды

03.07.2026 13:07 Қарақат АСЫЛОВА
Атырауда қайын жұртынан алтын ұрлаған келін сотталды
232
ЖИ арқылы жасалған сурет

Атырауда үш ай бойы қайын жұртының сырға-сақиналарын біртіндеп жымқырып, ломбардқа өткізіп келген 23 жастағы келіншекке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Сот деректеріне сүйенсек, күйеуінің отбасымен бір шаңырақ астында тұрған әйел қайын сіңлісі мен абысынының әшекейлерін ұрлап, түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Жәбірленушілер бастапқыда үйге ұры түсті деп ойлап, мәселені отбасылық чатта талқылаған, алайда кейін алтынның жоғалуына өз келіндері кінәлі екені анықталған.

Жәбірленушілердің бірінің сөзінше, ұрланған 13 әшекейдің тек алтауы ғана қайтарылды, олардың өзі бүлінген, ал қалғандары табылмады. Жалпы шығын 3,7 млн теңге.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Істі қарау қорытындысы бойынша сот әйелді ірі мөлшердегі ұрлық үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және жәбірленушінің пайдасына 2,7 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий