Атырауда төрт адам мінген лифт құлады

05.10.2026 • 13:58 Қанат АЙБАР
Атырауда төрт адам мінген лифт құлады
165
Фото: Атырау қаласының әкімдігі

Атыраудағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде лифт үшінші қабаттан авариялық жағдайда төмен түскен. Ішінде болған төрт адамның үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға бүгін, 5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің «Б» блогында болған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, үш тұрғын жедел жәрдеммен медициналық тексеруге жеткізілген. Алдын ала дерек бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Төртінші адам медициналық көмектен бас тартқан.

Қала әкімі Данияр Таханов оқиға орнына барып, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен сөйлескен.

Ол лифттің авариялық төмен түсу себебін шұғыл анықтауды тапсырды. Сонымен қатар қаладағы барлық лифттің техникалық жағдайын толық тексеріп, қауіпсіздік деңгейін бағалауды міндеттеді.

Әкімдік оқиғаның мән-жайы қала әкімінің тікелей бақылауында екенін хабарлады.

Войдите, чтобы оставить комментарий