Атыраудағы атышулы іс: Ақбаян Мұқанғалиева қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

08.07.2026 23:28 Қарақат АСЫЛОВА
Атыраудағы атышулы іс: Ақбаян Мұқанғалиева қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
236
Видеодан кадр
Прокуратура мәлімдеме жасады

Атырауда бірнеше адамның өліміне байланысты қозғалған резонансты іс аясында С. Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайына қатысты жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Astana TV телеарнасының Атыраудағы меншікті тілшісі Базаргүл Нәдірқызы мәлімдеді.

Тергеу нәтижесінде әйелдің әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмаған. Бұған дейін оған қылмысты жасырды деген күдік келтірілген еді. Алайда жиналған дәлелдер бұл күдікті растамаған.

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша айып тағуға жеткілікті негіздер табылмаған.

«Тергеп-тексеру барысында Мұқанғалиеваның әрекетінен Қылмыстық кодекстің 434-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы анықталған жоқ. Осыған байланысты 2026 жылғы 24 маусымда Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды», – деп мәлімдеді Атырау облысы прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлеймен.

Осылайша, құқық қорғау органдары қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әйелге қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарды.

Войдите, чтобы оставить комментарий