Атыраудағы қанды оқиға: Ақбаян Мұқанғалиевадан жауап алу неге қиын болды?
2435
Тергеуші Ақбаянның психикалық жағдайы туралы мәлімдеді
Атырауда бірнеше адамның өліміне байланысты резонансты іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеушінің мәліметінше, бастапқыда күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиева кейін медициналық мекемеге орналастырылған. Тексеру барысында оның қылмысқа қатысы бары дәлелденбеген.
«Күдікті деп танудың басты мақсаты – қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау. Тексеру барысында қылмысқа қатысы жоғы анықталды. Сол себепті Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды», – деді тергеуші.
Сондай-ақ, Сәрсемәлиев Алматыға жеткізілген кезде қылмыс жасағанын бірден мойындағаны айтылды. Ал Ақбаян Мұқанғалиевамен тергеу әрекеттерін жүргізу қиын болған.
«Мұқанғалиевамен сөйлесу барысында психикалық ауытқу бар екені байқалды. Сол себепті тергеу әрекетін өткізуге мүмкіндік болмады. Сұрақтарға толыққанды жауап бере алмады», – деді Темірхан Қажымұратов.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...